Кіріспе

 

Робототехника — автоматтандырылған техникалық жүйені әзірлеумен айналысатын, қолданбалы ғылым. Робототехника  электроника, механика,бағдарлама жасау сияқты тәртіпке жүгінеді.

Робототехника жасанды интеллект мәселелерімен жапсарлас механика және жаңа технологиялар мәселелері қарастырылатын, ғылыми-техникалық үдерістің  маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық ілгеріліктің негізгі тапсырмаларын іске асыруға жәрдемдесетін, сол бағыттағы социум талаптарын, баланың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, сабақта және сабақтан тыс қызметтерді ұйымдастырудың қажеттілігі туындайды. Мектепте осындай  заманауи бағыттарға робототехника мен роботты техникалық құрылымдаушыларды жатқызуға болады. Қазіргі уақытта Қазақстанның көптеген білім беру мекемелерінде Lego деп аталатын роботты техниканы  оқу үдерісінде қолдану әрекеті іске асырылуда. Жаңа ғылыми-техникалық ойларды пайдалану, техникалық ақпарат пен инженерлік білімді алмастыру негізінде, роботты техника бойынша жарыстар жүргізіліп жатыр, оқушылар әртүрлі конкурстарға қатысады.

Заманауи қоғамда  күнделікті өмірде роботтарды ендіру жүргізіліп жатыр, көптеген үдерістер роботтармен алмастырылуда. Роботтарды қолдану саласы әртүрлі: медицина, құрылыс, геодезия, метеорология және т.б. Адам өмірдегі көптеген үдесіртерді  роботты техникалық қондырғыларсыз (мобильді роботтар) елестете алмайды: әртүрлі жастағы балалар мен ересектердің ойыншықтарына арналған роботтар, робот-ауруды күтуші, робот – бала күтуші, робот-үй тазалаушы және т.б.

Инженерлік робототехника  саласында білімді мамандар, қазіргі  уақытта аса қажет. Осыған орай қосымша білім беруде робототехниканы енгізу мәселесі  өзекті болып табылады. Егер бала кішкентай кезінен осы салаға қызықса, болашақта мамандық алу үшін қажет болатын, және ой-өрісін дамытуға ол өзі үшін көптеген қызықты нәрселерді аша алады.

Қосымша білім беру жүйесінде Lego -құрастыруды пайдалану мақсатында алғашқы техникалық құрастыру машықтарын игеру, ұсақ моториканы дамыту, құрылым түсініктері мен негізгі қасиеттерін (қаттылығын, беріктігін, тұрақтылығын),топта өзара әрекет ету қасиеттерін үйрену болып табылады.

Балалардың қарауына жабдықталған шағын процессорлар мен  тетік жинақтары бар құрылымдаушылар ұсынылады. Олардың көмегімен мектеп оқушысы анықталған міндеттерді орындау үшін робот-ақылды машинаны бағдарламалай алады.

Оқытудың жаңа стандарттары жүйелік-әрекет ету тәсілдемесі негізінде қарастырылатын, білім беру нәтижесіне,  өзгеше ерекшелігімен- бағдарлауымен ықпал етеді. Осындай оқыту стратегиясына Lego білім беру ортасын іске асыру көмектеседі.

Мектептерде оқушыларға робототехниканы үйрету кезінде пайдаланылатын негізгі жабдықтар – Lego– құрылымдары.

Lego құрылымдары  жас ерекшеліктері мен балалардың қажеттілігін қанағаттыруды есепке ала отырып, оқушылардың білім алуына бағытталған әртүрлі түрлері болады.